«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Сирия қасіреті – адамзатқа ортақ мәселе

Сирия қасіреті – адамзатқа ортақ мәселе
ашық дереккөз
Сирия қасіреті – адамзатқа ортақ мәселе

55555555555Сирия қасіреті – барша адамзатқа ортақ мәселе. Осы орайда Астанада Ресей мен Түркия мемлекеттері басшыларының ортақ мәмілеге келіп, Сирия басшылығы мен ондағы оппозиция өкілдерінің өзара кездесуін өткізу алаңы ретінде Астанамызды таңдап алуы біздің елімізге, Елбасымыздың бейбітшіл бастамаларына сенім білдіруі деп қабылдап отырмыз. Қазақстан Шам еліндегі қантөгіс пен шиеленіскен дағдарысты әскери қарудың күшімен емес, тек дипломатиялық жолмен ғана шешуге болатынын әлем жұртшылығы алдында әлденеше рет жария етіп, өз тарапынан нақты шаралар қолдануды қолға алған-ды.

Шынында, бүгінде Сирияда орын алып отырған соғыстың салдарынан жүздеген мың адамның қаза тауып, бірнеше миллиондаған адамның баспанасынан айырылып, көшеде аш-жалаңаш қаңғып, босып жүргені біздің де жүрегімізді ауыртады. Міне, бұл іске БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстанның алғаш көмек қолын созып, иманды іске, батыл қадамға баруын әбден құптаймыз. Осындай тағдыршешті кезеңде Астанамызды осынау шиеленісті жайдың түйінін тарқатар, жаһандық саясатқа оң ықпал ете алатын мәртебелі алаң, ал Қазақ елін бейбітсүйгіш ел ретінде әлемдік ауқымда танытарлық бұл бастаманың маңызы да айрықша елеулі. Негізі бұл алдағы ақпан айында Шам еліндегі соғысты тоқтатуға бағытталып, Женевада өтетін екіжақты шешуші келіссөздердің алғышарттарын жасап, айқындауымен де құнды болады деп күтудеміз. Жалпы, планетамызды біртұтас әлем деп қарастырсақ, оның қай жерінде орын алып жатқанына қарамастан, кез-келген қантөгіс, жанжалдың ең алдымен исі адамзаттың (оның ішінде қазақ халқының да) жүрегін жаралайды, жанын ауыртады, көңілін күпті етеді. Бұл баршамыз болып ойласатын ісіміз болып отыр, бола да береді. Бәрінен де жұмыр жер бетінде бейбітшіліктің үстемдік етіп, әділеттіліктің салтанат құрғанына не жетер!

Нұрзия ЛЕСБЕКОВА,  «Қазфосфат» ЖШС бас директорының орынбасары.

Ұқсас жаңалықтар