Халқымызда «Байлық – байлық емес, бірлік – байлық», деген нақыл бар. Құдайға шүкір, сайын даланы мекендеген сан алуан ұлт пен ұлыстың тату-тәтті ғұмыр кешуі – бұл халқымызға Алланың берген сыйы, өлшеусіз рақымы. Түрлі ұлт өкілдерін бірлікке бастаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дін қайраткерлерін де ынтымақ пен ымыраға үндеп, татулық пен тұрақтылыққа шақырып келеді. Астана – бейбітшіліктің алтын бесігіне айналды. Бұл – бейбіт жолды басты бағдар еткен отандастарымыздың достығы мен татулығының арқасында нәсіп болған басты байлығымыз. Халқымыздың кең пейілі, қонақжай, бауырмал, дархан мінезі кең-байтақ даламызда достық пен бірліктің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуына негіз болды.
Иә, біз шын мәнінде де туған елімізді бейбітшілік бесігіне айналдыра білдік. Тыныштық арқылы тұрақтылық, татулық арқылы тұтастық төрімізге озды. Қазақстан әлемдік дінаралық диалогтың рухани ордасына айналды. Тегі басқа болғанмен тілегі бір, түрі басқа болғанмен мақсаты бір әлемдік дін көшбасшылары Сарыарқа төсіндегі еңселі Елордамызда әлем халқын діни татулық пен тұрақтылыққа үндеп келеді. Құдайға шүкір, біз осынау баға жетпес байлыққа Алла тағаланың қалауымен тәуелсіздігіміздің арқасында қол жеткіздік. Осы орайда, жаһанға бейбітсүй-гіштігімен үлгі болып келе жатқан Қазақстан әлем халықтарын бейбітшілікке үндеуден жалыққан емес. Ынтымақтастыққа негізделген Мемлекет басшысының жаһандық бастамалары өз кезегінде үлкен қолдауға ие болып келеді. Соның бір дәлелі десек те болады, бітімгерлік мақсатты ту етіп, берік бейтарап ұстанымымен әлемдік қоғамдастықтың сеніміне ие болған Астана Сирия мәселесіне қатысты мүдделі тараптарға үнқатысу алаңына айналды. Астана келіссөзі Сириядағы жағдайды реттеудің басы болатынына көпшілік үміттеніп отыр. Бітімгершілік мақсатта келіссөз өткізу үшін таңдау Астанаға түскені әлемдік аренада Қазақстанның зор сенімге ие ел екендігін, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың биік абыройын көрсететіні сөзсіз. Жалпы, бұған дейін беделді сая¬саттанушылар айтып өткендей, Астана процесі Сирия мәселелерін шешу жолындағы ірі жетістік. Біріншіден, тараптардың ымыраға келуге, бейбітшілік орнатуға қадам жасауға ниетті екендіктері байқалды. Ал келіссөздер барысында аласапыран аймақтағы бірқатар аудандарға қатысты бейбіт байлам жасалып жатса, бұл үлкен табыс болмақ. Сөз жоқ, бұл соғыс өртіне шарпылған миллиондаған қарапайым халық үшін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес үлкен қуаныш болар еді. Өйткені, әлемдегі барша ізгілік, игіліктер бейбіт, ынтымақ, бірліктен бастау алады.
Данияр Жұмабаев, ҚМДБ-ның облыс бойынша өкілі,
«Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді