Облыстық қаржылық бақылау инспекциясының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Байзақ ауданының коммуналдық мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарында заңдылықтарының сәйкестігіне, тиімділігіне және қаржылық есептіліктің дұрыстығына кешенді және тақырыптық бақылаулар жүргізілген болатын.
«Бақсақ бақа екен» дегендей, жүргізілген бақылаулар барысында, барлығы – 39602,1 мың теңге бюджет қаражатының жұмсалуында 1068,4 мың теңгенің заң бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде өндірілуге жататын шығындар 26734,1 мың теңге. Бақылау барысында нақтылай өндірілгені 26504,1 мың теңге. 2012 жылдың 1 қаңтары мен 2013 жылдың 31 желтоқсаны аралығында заңдылықтардың сақталуына жүргізілген кешенді және тақырыптық бақылаулар барысында мекемелер мен кәсіпорындар тарапынан жіберілген қаржылық кемшіліктер орын алғанына көз жеткіздік. Мәселен, «Байзақ ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жүргізілген бақылау қорытындысында «Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының талаптарына қайшы, құрылыс саласындағы 1052,2 мың теңгенің атқарылмаған жұмыстары және Қаржы министрлігінің 2010 жылғы 3 тамыздағы «Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есепті жүргізудің тәртібі» туралы №393 бұйрығы талаптарының толық сақталмауы салдарынан 20836,5 мың теңге материалдық емес актив сомасы мекеме теңгеріміне уақтылы алынбағандығы анықталған. Ал, «Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жүргізілген бақылау қорытындысымен анықталған кемшіліктердің жалпы сомасы 12737,0 мың теңге. Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 29 желтоқсанындағы №1400 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қаулысының 1 және 19 қосымшасының сақталмауы салдарынан 218,8 мың теңге еңбекақы артық төленген. Еңбек кодексінің 91-бабының сақталмауы салдарынан 238,6 мың теңге еңбекақы артық төленіп, дебиторлық қарыз қалыптасқан. Сол сияқты «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілігі туралы» Заңы сақталмай 230,4 мың теңгеге құндылықтардың есепке алынбағандығы анықталды. Осындай кемшіліктер бойынша мекеменің бас есепшісіне 2014 жылдың 18 сәуірінде ҚР ӘҚБтК-нің 178-бабының 1-бөлімімен әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі хаттама толтырылып, 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынып, бюджет табысына аударылды. Аудандағы Кенен Әзірбаев атындағы балалар саз мектебінде анықталған кемшіліктердің жалпы сомасы 593,5 мың теңге. Сондай-ақ, «Жаңатұрмыс» ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдардың аппараты және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар мен телефон байланысын пайдалану үшін тиесілік нормалары және ҚР Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысының сақталмауынан 650,0 мың теңгенің тұрғын үй ғимараты мемлекеттік актив ретінде тиімсіз пайдаланылған. Өңірдегі «Дариға апа» балабақшасында да есеп шотқа негізсіз апарылған кемшіліктер анықталды. Мемлекет қаржысы мақсатты жұмсалуы тиіс. Мұны әрбір мекеме-кәсіпорын басшысы басты назарда ұстау керек.
Төлеген Асқарбеков, облыстық қаржылық бақылау инспекциясының №1 бақылау бөлімінің басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді