Сот сараптамасы қызметі толықтай Әділет министрлігіне беріледі
- author «Ақ жол»
- 23 қаңтар, 2017
- 362
ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында «Сот-сараптама қызметі туралы» заң жобасы қаралды, деп xабарлайды ҚазАқпарат. Талқылаулар барысында атап өтілгеніндей, аталған заң жобасы ҚР құқық қорғау жүйесін дамытудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жетілдіруге бағытталған «Жаңа заң жобасы аталмыш саладағы заңнаманы жетілдіру бойынша мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында жасақталып отыр.
Біріншіден, барлық сарапшылық фунцияларды Әділет министрлігінің құзырына шоғырландыру. Біз аталған заң жобасында Әділет министрлігінің қызметін толық жазып көрсеттік. Бұрын сарапшылық қызмет Денсаулық сақтау және Әділет министрліктерінің құзыретінде болып келсе, қазір ол функциялар бір министрлікке беріледі.
Екіншіден, біз заң жобасында жаңа талаптарға сай келетін, жаңа түсініктер енгіздік. Үшіншіден, заң жобасы жаңа Қылмыстық-процессуалдық кодекспен, Азаматтық кодекспен, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекспен сәйкестендірілді. Себебі қолданыстағы сот-сараптамасы туралы заңда кейбір нормалар өзге жаңа заңдарға қайшы келеді», — деді ҚР Әділет министрлігі сот сараптамасы орталығының директоры Исидор Борчашвили.
Оның айтуынша, заң жобасының басты мақсаты — сот-сараптамасы қызметін жетілдіру, оны xалықаралық деңгейге жеткізу.
ақпарат көзі: egemen.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді