Қазақ күресі биыл Ашхабадта өтетін Азия ойындарының бағдарламасына енгізілді. Бұл туралы блогер Ғалым Байтүк Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Сүйінші, достар! Біздің ұлттық күресіміз – қазақ күресі Ашхабадта биыл өтетін Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енді! Танымал 22 спорт түрімен қатар 70 келі, 90 келі, +90 келі салмақ дәрежелерінде қазақ күресінен белдесулер болады. Ол үшін 2004 жылдан бастап бүгінге дейін Серік Түкиев бастаған Бүкіләлемдік Қазақ күресі федерациясы қыруар жұмыс атқарды», - деп жазды Ғ.Байтүк.
Оның айтуынша, 12 жылдың ішінде 50-ге тарта елден спортшылар қатысқан 6 әлем чемпионаты, 11 Азия чемпионаты, 3 әлем кубогы, 3 Еуропа мен Африка чемпионаты өткізілді.
«2015 жылы Қазақ күресі UWW (United World Wrestling – Біріккен әлемдік күрес одағы) құрамына кіре отырып, ерекше мәртебе алды. 19 қаңтар күні UWW президенті Ненад Лалович пен Азия Олимпиада кеңесінің президенті Шейх Ахмед Әл - Фахад Әл –Ахмет Әл Сабах арасында 70 келі, 90 келі, +90 келі салмақ дәрежелерінде Қазақ күресін 2017 жылы Азия ойындарының бағдарламасына енгізу туралы келісімге қол қойылды», - деп толықтырды блогер.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді