«Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» жаңа басшысы тағайындалды
- author «Ақ жол»
- 23 қаңтар, 2017
- 548
Ләззат Ибрагимова «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы болып тағайындалды.
Бүгін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Ерболат Досаев «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ұжымына («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) жаңа басшыны таныстырды. Банк басшысы болып Директорлар кеңесінің мүшесі, 2016 жылдың 3 ақпанынан бастап «Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған Ләззат Ибрагимова тағайындалды.
Жаңа басшыны таныстыра отырып, Ерболат Досаев Ләззат Ибрагимованың «Бәйтерек» холдингі құрылымы аясында жеткен жетістіктері мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін жаңа деңгейге көтеруге септесетін кәсіби біліктілігі мен жеке қасиеттерін атап өтті.
Түрлі жылдары БҰҰ Даму бағдарламасы жобасының экономикалық даму бойынша ұлттық сарапшысы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының сараптау мен даму стратегиясы, оқыту мен консалтинг, корпоративті даму департаменттерінің басшысы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ арнайы бағдарламалар департаментінің бас менеджері қызметтерін атқарды. 2011 жылдан бері «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрайымы лауазымында жұмыс істеді.
ақпарат көзі. Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




