БАҚ туралы заң жобасынан блогерлерді тіркеу жөніндегі норма алынып тасталады
- author «Ақ жол»
- 19 қаңтар, 2017
- 279
БАҚ туралы заң жобасынан блогерлерді тіркеу жөніндегі норма алынып тасталады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзінің фейсбуктегі парақшасында хабарлады. «Қымбатты достар, біздің министрлік ақпарат және коммуникациялар мәселелеріне қатысты заң жобасы бойынша түрлі алаңдарда қоғамдық талқылау өткізуде. Бұл процеске сарапшылар мен журналистер және азаматтық сектор тартылуда. Талқылаудың барлық кезеңінде қатысушылар айрықша назар аударған нормалардың бірі жасырын пікір қалдырушылардың алдын алу (деанонимизация) мәселесі болды. Атап айту керек, бұл норма троллингке, тексерілмеген ақпараттарды тарату мен арандатуға, экстремизмді насихаттау мен әлеуметтік жанжалдарға шақыруға қарсы күреске бағытталған еді. Сонымен қатар, жұмыс тобы отырыстарының шеңберінде сарапшылар мен журналистер тарапынан блогерлерді тіркеу ұсынысына қатысты да көптеген ескертпелер түсті. Біз бұл нормада желідегі танымал қолданушылардың БАҚ-пен теңестірілуін және бұл процестің ерікті түрде атқарылуын қамтамасыз етуді көздеген болатынбыз. Министрлік барынша ашықтықты ұстанғандықтан және қоғамның әрбір ұсынысын ескеруді жөн көргендіктен, бүгін аталған нормаларды Заң жобасынан алып тастау жөнінде шешім қабылданды», - деп жазған министр.
ақпарат көзі: kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді