Серік Жұманғарин Қазақстан Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
- author «Ақ жол»
- 19 қаңтар, 2017
- 513
Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ведомство ұжымына жаңа вице-министр Серік Жұманғаринді таныстырды.
Бұл тағайындауға дейін Серік Жұманғарин екі жылдан астам Қазақстан Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетті басқарды.
Ведомство басшысы Жұманғаринді тағайындалуымен құттықтап, оның жинаған тәжірибесін жаңа лауазымдағы жұмысында тиімді қолданатынына сенім білдірді.
Жұманғарин әр жылдарда Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаменті директоры болып жұмыс істеді, Өңірлік даму комитеті төрағасы лауазымын атқарды, республиканың Өңірлік даму министрінің орынбасары болды.
Айдар Әріпханов Ұлттық экономика вице-министрі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды. Ведомство басшысы Үкімет атынан Әріпхановқа жұмысы үшін шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы үлесін жоғары бағалай отырып, алғыс айтты.
ақпарат көзі: tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




