Қазақстан қонақүйлері шетелдіктерді онлайн тәртіпте 5 минут ішінде тіркей алады
- author «Ақ жол»
- 19 қаңтар, 2017
- 297
Еліміздегі қонақүйлерге тоқтайтын шетелдік азаматтарды енді онлайн тіркеуге болады. Қызмет көрсетудің жаңа түрі келген қонақты бес минуттың ішінде ешқандай көші-қон қызметінің өкілдерінсіз қонақүйге тіркей алады.
"Қонақтарды онлайн тіркеу жүйесі барлық елде бар. Сондықтан біз қазіргі уақытта әріптестерімізбен және басқа органдардағы қызметкерлермен біріге отырып, электрондық үкімет порталы арқылы онлайн тәртіпте тіркеуді енгіздік", - деді ҚР ІІМ Көші-қон полиция департаменті басшысының орынбасары Еркін Байбатчин.
Оның айтуынша, шетел азаматтарын қонақүйге тіркеу қызметі тегін болады. Қонақ тіркелген соң оған электрондық нұсқадағы қағаз беріледі, яғни, шетел азаматы оны басып шығарып, паспортына тіркеп қояды.
ҚР ІІМ Сыртқы көші-қон басқарма басшысы Нұрғали Ристановтың айтуынша, Қазақстандағы барлық қонақүй шетел азаматтарын электронды портал арқылы тіркеуі керек. "Бұл ережелерді орындамаған қонақүйлерге қандай шараларды қолданатынымызды әлі шешпедік. Жақында ойластырып, шетелдік азаматтарды тіркемеген қонақүйлерге қандай жауапкершіліктің жүктелетінін хабарлаймыз", - деді Нұрғали Ристанов.
ақпарат көзі: tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді