«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қоғамдық кеңестің жұмысы жанданды

Қоғамдық кеңестің жұмысы жанданды
ашық дереккөз
Қоғамдық кеңестің жұмысы жанданды

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында атап көрсетілгендей, қазіргі кезде қоғамдық кеңес «Қоғамдық кеңес туралы» заңнамада белгіленген тәртіп бойынша билік пен қоғамға бақылау жүргізетін бірден-бір ұйымға айналды. Кеңес мүшелері билікке қоғамдағы маңызды мәселелер бойынша пікір білдіріп, ұсыныс айта алатындай мәртебеге ие. Тараз қалалық қоғамдық кеңес мүшелері Ұлт жоспарында нақтыланған осы талаптардың үдесінен шығып, қала тұрғындарына біршама жақындай түсті десек артық айтпаймыз. Өйткені, қоғамдық кеңес мүшелері мемлекеттік саясатты іске асыруда Елбасының сенімді серігі болуды басты міндет санайды.

Тараз қалалық қоғамдық кеңесте өткен жылы 24 отырыс өтті. Жалпы, біз қарауға ұсынылған 27 құжатқа шешім шығардық. Нормативтік-құқықтық актілер бойынша 19 жобаға келісім берілді. Қоғамдық бақылауларды ұйымдастыру үшін тұрғындармен 3 рет кездестік. 6 рет мемлекеттік орган басшыларының бюджеттік бағдарламалары мен әкімдіктің есептерін тыңдадық. «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан нысандардың жұмыстары және қала аумағында құрылыс салуға, қайта жабдықтауға, жаңғыртуға, күрделі жөндеуге қатысты жобалардың сапалы дайындалуына тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырдық. Зерделеу кезінде анықталған кемшіліктер бойынша Тараз қаласы әкімі мен әкімдіктің бөлім басшыларына оны жою немесе қайта қарау туралы ұсыныстар бердік. Осылайша, билікпен тығыз байланыс орнатудың арқасында шаһардағы әлеуметтік жағдайды бақылауға алып, мемлекеттік бағдарламалардың қалай жүзеге асырылып жатқанын бақылай алатын мүмкіндікке ие болдық. Қоғамдық кеңесте тұрақты төрт комиссия құрылған. Комиссия төрағалары мен мүшелері өткен жылы жергілікті бюджет пен қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, құрылыс, коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары, азаматтардың құқықтарын қорғау, жастар саясаты, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік мәселелер бойынша бірнеше бағытта жұмыс жүргізді. Бұқаралық ақпарат құралдарында кеңес жұмыстары туралы мақалалар жарияланды. Қалалық деңгейдегі іс-шараларға бөлінген қаражаттың дұрыс игерілуі қадағаланып, әрбір мәселе кеңес отырысына талқыға салынды. Бірнеше бағытта жүргізілген жұмыс нәтижесі сараланып, қала бюджеті талқыланды. Кеңес мүшелері әркез өз ой-пікірлерін бөлісіп отырды. Осы тұрғыдан алып қарағанда, біз өз міндетіміз бен мақсатымызды толық орындадық деуге болады. Әр тоқсанда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бақылауға алынды. Соның нәтижесінде алдыңғы жылы атқарылған жұмыстармен салыстырғанда Тараз қаласында мемлекеттік бағдарламаларды орындау және әлеуметтік мәселелердің шешімін табуда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілді. Былтыр бесінші шақырылған Тараз қалалық мәслихатының кезектен тыс елуінші сессиясында қалалық қоғамдық кеңесін құру туралы шешім шығарылып, қалалық деңгейдегі қоғамдық кеңестің толық құрамы бекітілген еді. Содан бергі уақытта кеңес мүшелері бірлесе жұмыс жүргізе білді. Қазір кеңес құрамында облысымызға және қаламызға танымал 21 азамат бар. Олар жергілікті деңгейдегі шешімді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескереді. Қала аумағында өзін-өзі басқару органдарының қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамытуға қолдау көрсетіп, басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге күш салады.

Қаржаубай Бекболатов, Тараз қалалық қоғамдық  кеңес төрағасы.

Ұқсас жаңалықтар