Энергетика министрлігі бензин бағасының өсуін түсіндірді
- author «Ақ жол»
- 18 қаңтар, 2017
- 707
Аймақтардағы жанармай бағасының қымбаттауына байланысты біз Энергетика министрлігімен хабарласып, жағдайды түсіндіріп беруді сұраған болатынбыз. Министрлік өткен жылдың соңында АИ 92 маркалы бензиннің 1 литрінің бағасы 135-140 теңгенің аралығында болады деп ескерткенін айтады.
Өйткені Қазақстан тұтынатын осындай маркалы бензиннің үштен біріне жуығын сырттан тасиды екен. Нақты айтқанда Ресейден. Әлемде мұнай бағасы тұрақтана бастаған соң, көрші мемлекет валютасы да нығая түскен. Сол себепті баға біршама көтерілген.
Ал Ақмола облысында бензиннің бір литрінің бағасы 145 теңгеге дейін қымбаттап кетті.
«Ресей рублінің өскенімен байланысты. Егер жаңа жылдың алдында ол 5,1-5,2 болса, қазіргі таңда ол 5,6-ға көтеріліп жатыр. Соған байланысты ол нарыққа әсер етіп отыр. Сондықтан баға осындай,» — дейді ҚР Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Асқар Жалдинов.
ақпарат көзі: egemen.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




