Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасына жаңа бапкер тағайындалды
- author «Ақ жол»
- 18 қаңтар, 2017
- 713
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерлігі қызметіне бразилиялық Жозе Алесио Да Силва тағайындалды.
Келісімшарт мерзімі, өзге де мәліметтер әзірге белгісіз. 48 жастағы маман бұған дейін Какаудың ұлттық құрамадағы және «Қайрат» командасындағы көмекшісі болған. Ел құрамасына 2015 жылдың қараша айында келсе, Алматы командасында 2014 жылдың қыркүйек айынан бері қызмет етіп келеді.
Футболшылық ғұмырында ол Бразилияның «Волторантин», «Интер Ульбра» және «Васко да Гама» командаларында доп тепсе, Ресейдің «Спартак», «ТТГ-Ява» ұжымдарында ойнаушы әрі жаттықтырушы болған.
Алесионың бастауымен Қазақстан Еуро-2018 турнирінің іріктеу ойындарын өткізеді.
ақпарат көзі: egemen.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




