Қазақ географилық қоғамы төралқасының төрағасы Төлеген Тастанбеков әлемнің түкпір-түкпіріне, оның ішінде Антарктидаға да сапар жасайтын экспедиция құрамына қалай кіруге болатынын айтты.
«Қазіргі уақытта Қазгео-ға мүшелік мәселесі жан-жақты қарастырылып жатыр. Біздің өз сайтымыз, әлеуметтік желілерде парақшамыз бар. Сайттан да қарап отыруға болады. Мүшелікке қабылдау алдын ала жария етіледі. Ниеті бар кез келген адам өтініш бере алады деп ойлаймын. Бұған дейін атап өткенімдей іріктеу жеке-жеке жүргізіледі. Әңгімелесу өткізетін кеңес бар. Физикалық және басқа да дайындықтары тексеріледі. Ең бастысы адам моральдық және физикалық тұрғыда дайын болуы тиіс. Ал қалғанын жүзеге асыруға болады деп есептеймін», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. Айта кетейік, Орталық комуникациялар қызметіндегі брифинг барысында экспедиция капитаны Мағжан Сағымбаев Оңтүстік полюске жасаған сапарлары барысында кездескен қиындықтармен бөлісіп, қызықты сәттер жайында айтып берген болатын. Есте болса, «Қазақ географиялық қоғамы» ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап, Оңтүстік полюске екінші қазақстандық экспедицияны ұйымдастырған болатын. Өткен жылдың желтоқсан айының басында өткен бұл экспедициясының құрамына альпинистер Ілияс Ғалымбеков пен Юрий Юшин, ғалымдар Әлия Ерназарова, Арман Баймұхамбетов және Дәулет Шәріпов кірді. Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік полюсі» ғылыми-зерттеу экспедициясының топ жетекшісі Мағжан Сағымбаев болды. Ғалымдар Оңтүстік полюсте экология, биология және адам физиологиясы салаларында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Винсон шыңы Оңтүстік полюстен 1200 шақырым жерде орналасқан және «7 summits» бағдарламасына кіреді. Экспедиция қатысушылары Оңтүстік полюске дейін 200 шақырым жерді шаңғымен жүріп өтті.
ақпарат көзі: kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




