Қазақстан инновациялық экономикасы бар үздік 50 мемлекеттің тізіміне енді
- author «Ақ жол»
- 17 қаңтар, 2017
- 723
Bloomberg агенттігінің сарапшылары әлем бойынша ең инновациялық экономикасы бар елу мемлекеттің тізімін құрды, онда Қазақстан 45,56 көрсеткішімен 48-орын алды.
Қазақстан өткен жылғы көрсеткішін 2 позицияға көтерді, 2016 жылы біздің еліміз 50-орында еді. Біздің республика Орталық Азия елдері арасында рейтингке енген жалғыз мемлекет екенін атап өткен жөн.



Innovation Index тізімін құрарда Bloomberg жеті критерийді ескереді: инновация мен зерттеулерге жұмсалған қаражат, өнімділік, тиімділік, зерттеулердің, зерттеушілердің және жоғары технологиялы компаниялардың концентрациясы, патенттерді тіркеу және т.б. Бірінші орында 89,00 көрсеткішімен Оңтүстік Корея, одан кейін Швеция (83,98), Германия (83,92), Швейцария (83,69) және Финляндия (83,26) елдері тұр.
ақпарат көзі: kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




