Отандық дәрігер асқынған өкпе ауруларын емдейтін құрылғы ойлап тапты
- author «Ақ жол»
- 17 қаңтар, 2017
- 458
Тыныс алу жолдарын ашуға көмектесетін аппарат қазір еліміздің біраз ауруханасында қолданыста тұр. Әлемде теңдесі жоқ құрылғыға қазірдің өзінде Ресей, Беларусь елдерінің дәрігерлері қызығуда. Амантай апа демікпеден қысылып, ауруханаға әрең жеткен. Отандық құрылғы арқылы ем алғаннан бері ауруынан арыла бастапты. Дәрігерлердің айтуынша, қазір науқастың тыныс алуы едәуір жақсы.
«Мен бронх-астмамен ауырамын. Келгенде кеудемде сырыл болып, дем ала алмадым. Қазір осы вибро массаж алып жатырмын. Маған ұнады. Қазір тыныс алуым жақсарды», - дейді емделуші Амантай Шегенова.
«Бұл аппарат науқастарды түрлі дәрілерді көптеп қолданбай-ақ, ауруды жеңілдетуге көмектеседі. Тынысы тарылып, екі өкпесі қабынған адамдардың біразына осы құрылғы арқылы ем жасап жатырмыз», - дейді еліміздің бас пульмонологы Ирина Мұқатова.
Ал бұл аппаратты ойлап тапқан өнертапқыш дәрігер Анатолий Сергиенко, бүгінде бірнешеуін жасап, тәжірибеге енгізіп үлгерген. Ол осы құрылғыны жетілдіруге он шақты жылын сарп етіпті. Қазірде өзі қызмет ететін ауруханада да күнделікті қолданатындығын айтады.
«Мен бұл аппаратты құрастыруды медицина университетінде оқып жүргенде ойға алған болатынмын. Ол кезде қаражат қол байлау болды. Әрі жағдай да жоқ еді. Ал қазір мүмкіндік туып, ойымды жүзеге асырдым. Аталған құрылғы пневмания, бронхит, демікпе сияқты ауруларды жеңілдетуге көмектеседі. Сондай-ақ, тыныс алу жолдарына байланған қақырықты түсіреді», - дейді жоба авторы, дәрігер-реаниматолог Анатолий Сергиенко.
Отандық құрылғыны қазірде бас шаһардағы бірқатар ауруханалар қолдана бастаған. Аппаратты өндіріп шығаруды қолға алған компания енді мұны еліміздің өзге де клиникаларына шығаруды көздеп отыр.
«Біздің бұл құралымыз арнайы техникалық және клиникалық сараптамадан өтті. Бүгінде мемлекеттік ауруханалармен қатар жеке клиникалар да қызығушылық білдіріп жатыр. Сондықтан биыл 80-ге жуық осындай аппарат шығару ойда бар», - дейді компания директоры Руслан Чакушин.
Елімізде өндірілген медициналық құралғыға шетелдік мамандар қызығушылық таныта бастаған. Сондықтан келер жылдан бастап Ресей мен Беларусь елдерінің ауруханалары да қазақстандық аппаратты қолдануы мүмкін.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




