Ел үкiметi Алматыда өтетiн бүкiләлемдiк қысқы Универсиада ойындарының жеңiмпаздары мен жүлдегерлерiне сыйақы бекiттi.
«Үкiметтiң жеңiмпаздар мен жүлдегерлерге сыйақы бекiту шешiмi спортшыларымызды Универсиадада сәттi өнер көрсетуге ынталандырады. Сонымен, бiрiншi орынға 4 млн 900 мың теңге, 2 орынға 3 млн 300 мың, 3 орынға 1 млн 600 мың теңге бекiтiлiп отыр. Мұндай сыйақы жаттықтырушыларға да қарастырылған», - дедi бүгiн үкiмет отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Қысқы Универсиадаға бiздiң елiмiзден 168 спортшы қатысады, оларды 65 жаттықтырушы дайындап жатыр.
Бүкiләлемдiк қысқы Универсиада ойындарының басталуына 12 күн қалды. Дүбiрлi дода Алматы қаласында 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтедi.
Айта кетейiк, Қазақстан тәуелсiздiк жылдары 12 бүкiләлемдiк Универсиадаға қатысып, 44 медаль жеңiп алды.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




