Универсиада-2017-ге әлемнің 59 елінен 2 мыңнан астам спортшы қатысады
- author «Ақ жол»
- 17 қаңтар, 2017
- 580
Универсиада-2017 халықаралық спорт бәсекесіне әлемнің 59 елінен 2 мыңнан астам спортшы қатысады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.
«Студенттер арасындағы әлемнің ең ауқымды спорттық іс-шарасын өз елімізде қабылдауға 12 күн қалды. Аталған жарыс медальдарына ие болу - әр студенттің басты арманы, мемлекеттің саяси және экономикалық жағынан мықты әрі қарқынды дамуының белгісі. Студенттік құрама команданың алдағы ойындарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету министрлік жұмысының басты бағыты саналады», - деп атап өтті Алматыда өтетін студенттер арасындағы қысқы Универсиада ойындарына дайындық барысы туралы баяндаған министр. Оның айтуынша, Универсиадаға әлемнің 59 елінен 2 мыңнан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. Жарыстар барысында спорттың 12 түрі бойынша 86 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Бұл ретте медальдар жиынтығының ең көбі коньки жарысында (14 жиынтық), шаңғы жарысында (11) және шорт-тректе (8) тігіледі. «ҚР спортшыларының сапалы дайындығын үлестіру мақсатында және спорт түрлері бойынша жарыстарды ұйымдастыру және өтізуді бақылау үшін Республикалық штаб құрылды. Бүгінгі күні штаб Алматы қаласында қарқынды жұмыс істеуде», - деді Мұхамедиұлы.
ақпарат көзі: kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




