Универсиада-2017-де ел намысын 168 спортшы қорғайды. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындық мәселелері жайында баяндаған ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.
«Бүгінгі күні спорт түрлері бойынша команда құрамалары анықталды. Біздің еліміздің атынан Универсиадада оның бағдарламасына енген спорттың барлық түрлері бойынша 168 спортшы мен 65 жаттықтырушы қатысады», - деді ол. Мұхамедиұлының сөзіне қарағанда, спортшыларымыздың жақсы өнер көрсетуге Үкіметтің жазғы және қысқы дүниежүзілік Универсиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне бір реттік сыйақы белгілеу туралы шешімі ынталандыра түсетін болады. «Бірінші орынға 4,9 млн. екінші орынға 3,3 млн., үшінші орынға 1,6 млн. теңге беріледі. Дәл осындай сыйақылар Универсиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің жаттықтушыларына да қарастырылған», - деді министр.
ақпарат көзі: kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




