Денсаулық
Біржан Жақыпов пен Берік Әбдірахманов әуесқой бокстан кетті
- author «Ақ жол»
- 16 қаңтар, 2017
- 667
Біржан Жақыпов пен Берік Әбдірахманов әуесқой бокстан кетті
Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы мүшелері Біржан Жақыпов пен Берік Әбдірахманов әуесқой бокспен қош айтысты.
49 киллограм салмаққа дейін жұдырықтасқан 32 жастағы Біржан Жақыпов Олимпиада ойындарына үш рет қатысқан (2008, 2012, және 2016) және әрдайым жартылай финалға дейін ғана барды. Оның жетістіктері — 2013 жылы әлем чемпионы, 2005 жылғы әлем біріншілігінде қола жүлде, 2010 және 2014 жылдардағы Азия чемпионатында екі күміс жүлде, Қазақстан чемпионатының бірнеше жүлдесі. Жақын арада Жақыпов өзінің туған жері Шымкент қаласындағы спорт мектебі директорының орынбасары болады деп болжанып отыр.
40 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасып келген 30 жастағы Берік Әбдірахманов 2016 жылғы Олимпиадада алғашқы кездесуінде-ақ америкалық Карлос Балдерамастан ұтылып қалды. Ақтаулық боксшының ең үлкен жетістігі 2013 жылы болды. Ол осы жылы Азия чемпионы атанды және Алматыда өткен әлем чемпионатының қола жүлдесінің иегері атанған еді.
40 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасып келген 30 жастағы Берік Әбдірахманов 2016 жылғы Олимпиадада алғашқы кездесуінде-ақ америкалық Карлос Балдерамастан ұтылып қалды. Ақтаулық боксшының ең үлкен жетістігі 2013 жылы болды. Ол осы жылы Азия чемпионы атанды және Алматыда өткен әлем чемпионатының қола жүлдесінің иегері атанған еді. ақпарат көзі: egemen.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




