Назарбаев ҚР-дағы күн энергиясының қолайлы өзіндік құнын атады
- author «Ақ жол»
- 16 қаңтар, 2017
- 469
БАӘ-дегі «Болашақ энергиясы» Дүниежүзілік Саммитінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев ҚР-дағы күн энергиясының ықтимал өзіндік құнын атады.
«Бүгін жаңа энергия көздері барынша қолжетімді бола бастады. Мұны тиімді пайдалану қажет. Бұрын тек дамыған елдерде ғана мұндай мүмкіндік болды. Олар жаңа энерготехнология саласында білім мен техникалық тәжірибе жинақтады. Дамушы елдердің осы үдеріске қосылатын шағының дер кезі. Мысалы, Қазақстан үшін бүгінде күн энергиясын өңдеу килловат-сағатына өзіндік құны 10 цент болғанда мүмкін болады», - деді мемлекет басшысы. Оның айтуынша, Германия 15 жыл бұрын килловат-сағатына 70 центтен бастаған. Жел энергиясы жыл сайын 2,5 пайызға арзандайды. Соңғы 15 жылда ол үш есеге арзандады. «Бүгінде жел энергиясы килловат-сағатына 4-5 цент тұрады. Энергетикалық трендтердің көлікке ықпал ету дәрежесін атап өткен жөн. Оған отынды әлемдік тұтынудың 70 пайызға жуығы және көмірқышқылды газ шығарындыларының басым бөлігі - жыл сайын 35 миллиард тоннадан астамы келеді. Жасыл технология көшбасшылардың ауысуына және әлемдік авто өнеркәсібінде жаңа жарысқа ықпал етеді», - деп сөзін жалғады Назарбаев. Ол электромобилдер бүгін сұранысқа ие және қолжетімді бола түсуде. Болжам бойынша, электр машиналардың үлесі 2020 жылы 1 пайыз, 2030 жылы 30 пайызға дейін артады. Әлемнің көптеген мегаполистері таза қоғамдық көлікке ауысады.
ақпарат көзі: kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




