Денсаулық
Өткен жылы мемлекеттiк бюджетке 6,2 трлн теңге түстi – Қаржы министрлiгi
- author «Ақ жол»
- 16 қаңтар, 2017
- 224
Өткен жылы мемлекеттiк бюджетке 6,2 трлн теңге түстi – Қаржы министрлiгi
2016 жылы мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер жоспары асыра орындалып, 6 трлн 198 млрд теңгенi құраған. Бұл туралы бүгiн Мәжiлiсте үкiмет сағатында ҚР Қаржы министрi Бақыт Сұлтанов айтты.
«2016 жылы мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер жоспары 108,4%-ті құрады немесе 5 719,7 млрд теңге жоспарында, іс жүзінде 6 198,1 млрд теңге түсіп, 478,4 млрд теңге асыра орындалды», - деп баяндады Бақыт Сұлтанов.
Республикалық бюджет жоспары 370,9 млрд теңгеге, жергiлiктi бюджеттер 107,5 млрд теңгеге асыра орындалған.
«Түсімдер бойынша болжамды мақсатқа қол жеткізу бұл салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту бойынша қабылдаған шаралар нәтижесі. Қажетті бақылау деңгейі мен міндеттемелерді ерікті түрде орындау үшін бизнеске қолайлы жағдай жасау арасындағы балансты қамтамасыз ету маңызды болып табылады», - дедi министр.
2016 жылы бақылау іс-шаралары бойынша 10 мың салықтық тексеру жүргізілген, бұл салықтарды түгел есептеуге мүмкiндiк бередi.
«Бұдан басқа, кәсіпорындардың жабылу кезіндегі тексерулерін жүргізу барысында аутсорсинг тетігі енгізілді. Оның нәтижесінде тарату рәсімі жеңілдеді, тексеру саны мен жүргізу мерзімі қысқарды. Сондай-ақ, салық төлеушілерге айыппұл қолданбастан, қателіктерді дербес жою мүмкіндігі берілді», - дедi ол.ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді