Осыған дейін Қазақстан құрамасында 52 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен боксшы Олжас Саттыбаев "Астана Арланс" клубының жаңа капитаны болды.
Айта кетейік, Олжас Саттыбаев Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына қатысқан болатын. Бірақ 1/8 финалда Саттыбаев Рауф оглы Мамишзадеден жеңіліп қалды. Сондай-ақ, Олимпиада ойындарынан кейін Саттыбаевтың ұлттық команданың құрамасынан кететіні хабарланған еді.
Енді қазақстандық "Астана Арланс" клубы кезекті турнирді Қытай, Өзбекстан және Ресей командаларының спортшыларымен өткізеді. Сонымен қатар, Риодағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левиттің қазақстандық клубтың құрамында өнер көрсетуді жалғастыруы мүмкін екені айтылады.
ақпарат көзі: tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




