Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғалымдары табиғи сүт өнімдерінің бірнеше түрін шығармақ, деп хабарлайды Хабар24.
Мамандар ЕХРО көрмесіне орай шұбат пен саумалдан да түрлі тағам жасауды жоспарлап отыр. Мұнда магистрлермен қатар студенттер де тәжірибеден өтіп, сүтті қайта өңдеудің қыр-сырымен таныса алады.
Шағын цехтың күніне 500 литр сүтті қайта өңдеуге қауқары бар. Әзірге шикі сүтті сатып алады. Болашақта университет сиыр өсіретін ферма ашуды жоспарлап отыр. Мұнда айран-сүтпен қатар ірімшік, қаймақ, балмұздақтың еш қоспасыз табиғи түрін жасап шығарады. Ал, дайын өнім әзірге оқу орнының асханасында ғана сатылады.
Университет ғалымдары ЕХРО көремесіне өз үлестерін қосамыз деп отыр. Маңызды шараға дейін сиыр сүтімен қатар, саумал мен шұбаттан да түрлі өнім өндіруді қолға алмақ.
ақпарат көзі: egemen.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




