Науқастар ауруханаға уақытша тіркеле алады
Тиісті құжаты жоқ үлескерлер жұмыс орнына уақытша тіркеуге тұра алады және ұзақ уақыт ауруханада жататын науқастар да сол медициналық мекемеде уақытша тіркелетін болады.
Ал 2-3 аптада онлайн тіркеу енгізілмек. Мамандардың айтуынша, азаматтарды тіркеу ісі қызмет көрсету орталықтарындағы басқа да қызмет түрлеріне айтарлықтай кері әсерін тигізіп жатыр. Сондықтан жұмыс орындарын көбейтуге тура келген. Ал ЭКСПО қарсаңында азаматтардың уақытша тіркелуіне қатысты жаппай тексеру жүргізілмейді. Дегенмен, халықаралық көрме қарсаңында Астана қауіпсіздігі бойынша шаралар өтеді, бірақ заңға мойынсұнған азаматтарға бұның қатысы жоқ. Ішкі істер департаменті қызметкерлері, тіркелмегендерді жазалау мақсаты тұрған жоқ, деді. Алдымен бір ай ішінде ескертіледі, оған құлақ аспағандарға айыппұл салынбақ.
ақпарат көзі: egemen.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




