Бейжің Олимпиадасының «алтыны» қазақстандық ауыр атлетке бұйырды
- author «Ақ жол»
- 13 қаңтар, 2017
- 769
Халықаралық Олимпиада комитеті сегіз ауыр атлетті 2008 жылы Бейжіңде өткен жазғы Олимпиада алтынынан айырды. Олардың арасында қазақстандық Алла Важенинадан басым түскен қытайлық Цао Лэй де бар. Важенина 75 келіге дейінгі санатта Бейжің ойындарының күміс жүлдегері атанған еді, «алтын» қытайлық Цао Лэйге, ал «қола» ресейлік Надежда Евстюхинаға бұйырған. ХОК сайтында хабарланғандай, Цао Лэйдің нәтижесі күшін жояды, себебі оның допинг-сынамасынан бой өсіретін гормон арттырғыш заттар табылған. Тамыз айында ХОК қытайлық ауыр атлеттің допинг-сынамасынан тыйым салынған заттар табылғанын мәлімдеген еді. Осылайша, «алтын» Бейжің Олимпиадасында екінші орын алған қазақстандық ауыр атлет Алла Важенинаға бұйыратын болды.
ақпарат көзі: kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




