– Көз өзіне сенеді, құлақ өзгенің сөзіне сенеді дегенді естен екі елі шығармалық.
– Сенім деген құдіретті күш – ол сеңгір тауды да қозғайды.
–Хан келеді, кетеді. Халық қалады, халық қалса - тақ қалады.
– Абыройдан ақ отауын тіктім деген кісінің пенделігі аз болмайды.
– Əрине, істің орайы келе бермейді, əйтпесе алдыңа келген адам өтінішін аяқ асты етпегенге не жетсін?!.
– Жалпы адам жанына ізгілік нəрін сепкен ұстаздан үлкен кім бар!
Д.А.Қонаевтің «Ақиқаттан аттауға болмайды» кітабынан
Орысты ренжiтсең, Мәскеуге шабады, қазақты ренжiтсең қайда шабады? Өзiңнiң алдыңа айналып келедi, Асанбай. Орыстың артында тұрған Мәскеуi бар. Қазақтың артында Мәскеуi жоқ, қазақтың Мәскеуi - бiздермiз Асанбай, қолыңнан келгенше қазақты жылатпауға тырыс, қорлыққа берме. Қорлыққа көнген халық зорлыққа да көнетiн иiсалмас, ынжық болып кетедi. Ұлт өзiнiң мүддесiн өзi қорғай алатын дәрежеге жетуi керек. Кезiнде қазақтың жанын сақтап қалсақ екен дедiк қой..., бiз ол дәуiрден өттiк. Ендi қазақтың рухын, намысын сақтауымыз керек.
Д. А. Қонаевтың Асанбай Асқаровқа айтқан сөзi
– Дүние түске дейін киіз, түстен кейін мүйіз болып кетуі әп-сәтте
– Орынды сын ойлантпай қоймайды
– Панам да ел, данам да ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім.
– Жалада шындық болмайды.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




