«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Меркідегі мерейлі істер

Меркідегі мерейлі істер
ашық дереккөз
Меркідегі мерейлі істер

оған Мәжіліс депутаттары оң бағасын берді

Өңірімізге жасаған жұмыс сапарын Парламент Мәжілісінің депутаттары Шавкат Өтемісов пен Кеңес Әбсәтіров Меркіде жалғастырып, өз сайлаушыларымен кездесті. Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында облыс және аудан мәслихаттары депутаттары және қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен өткен жиында халық қалаулысы, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Шавкат Әнесұлы Мәжіліс қарауынан өткен заң жобаларына тоқталып, атқарылған жұмыстар жайлы баяндады. – Өткен жылдың қыркүйек айынан бері Мәжіліс депутаттарының қарауына 30 заң жобасы келіп түсті. Одан бөлек бұрыннан қаралып жатқан 27 заң жобасы бар. Оның 34-і Мәжілістің қарауынан өтті. Аталған заң жобаларының ішіндегі ең сүбелілері – алдағы үш жылға арналған бюджет, жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру, жайылым туралы заң жобалары, – дейді Ш. Өтемісов.

Депутаттардың ауыл тұрғындарына жеткізер жаңалығы да бар екен. Парламент Мәжілісінің әлеуметтік мәдени-даму комитетінің мүшесі Кеңес Әбсәтіров 2018 жылдан бастап ауылдық округтердің өзіндік инвестициялық қорлары болатынын айтты.

Жиыннан кейін мәжілісмендер бірнеше нысанды аралап, тұрғындармен жүздесті. Алдымен «Айя-Сервис» ЖШС-ның жұмысшыларының жай-күйімен танысып, тындырымды тірліктерге оң бағасын берді. Халық қалаулылары жуырда пайдалануға берілген жаңа емхананы да аралап көрді. Аудандық аурухананың бас дәрігері Бекболат Құрманәлінің айтуынша, заманауи үлгіде салынған емхана барлық керекті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген екен. Соның нәтижесінде дәрігерлік тексерулерден өткізу жұмыстары біршама жеңілдеп, бастапқы медициналық көмек көрсету сапасы артыпты. Мәжіліс депутаттары Меркі ірімшік зауыты, Меркі ет комбинатына да ат басын бұрып, Қ.Сарымолдаев ауылында жаңадан салынып жатқан №9 Савва атындағы мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты. Жұмыс сапарының екінші күнінде мәжілісмендер «Бахор» шаруа қожалығын және бірнеше нысанды аралап, аудан жұртшылығының тұрмыс-тіршілігімен танысты. Соңыра «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында партия мүшелерімен жиын өткізді.

Нұрболат Әлдибеков, «Ақ жол».

Меркі ауданы.

Ұқсас жаңалықтар