Жазылмаған жыр жайлы
Жазылмайтын бір аңсау бар жанымда,
Кір шалмаған ол сенің пәк жаның ба?
Қаламымды қолыма алсам болды,
Ақ парақтың тұрасың ар жағында.
Дәрменім жоқ өзімді басқаруға,
Дәптеріме қорқамын дақ салуға.
Айғыздаймын қалайша қолым барып,
Ақ жаныңды айқара ашқаныңда.
Дәптерімнен көргенде, дидарыңды,
Жайып салғым келеді сырларымды.
Тіл мен жақтан қалайда айрыламын,
Қараймын да жүзіңе нұрлы, әмірлі.
Келгеннен соң қасыма қиялдағым,
Ақ парақты алдыма жиі аламын.
Өзің болып мені әркез мазалайтын,
Жазылмаған жырымнан ұяламын.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді





