Харуки Мураками жаңа кітабында не айтар екен?
Жапон жазушысы Харуки Муракамидің жаңа кітабы «Killing commendatore» («Командордың өлімі») деп аталады. Жаңа туынды «Shinchosha Publishing» баспасынан оқырманға жол тартады. Аталған баспадан Муракамидің бес кітабы шығарылған. Олар: «Ғажайыпқа толы тынымсыз мемлекет және Ақырзаман», «Зауыт құстарының өмірі», «1Q84», «Құдайдың барлық пенделері билей алады» әңгімелер жинағы және «Uten Enten» деп аталатын жол жазбалары.
Жазушы бұған дейін 13 кітабын оқырманға ұсынған еді. Соңғы рет ол «Түссіз Цкуру Тадзаки және оның саяхатпен өткізген жылдары» романын жазған. 2013 жылы шыққан бұл туынды Күншығыс елінде бір жыл ішінде ең көп сатылған кітап болды. Айта кетейік, Харуки Мураками – әлемге танымал жапон жазушыларының бірі. Ол бірнеше рет «Нобель» сыйлығына үміткер болған.
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




