Егер мені тыңдасаң
Жетпей жатсын жыраққа үнім мейлі,
Жауыздыққа жүрегім жүгінбейді.
Бомба тиеп Балқанда жүрсе біреу,
Саусақтарым еріксіз дірілдейді.
Қарамай-ақ хунтаның түнегіне,
Мұң жамаймын жазықсыз жүрегіме.
Тұтқындардың көрмей-ақ кісендерін,
Тұнжырап қарай берем білегіме.
Молая берсін менің мұңым мейлі,
Жалғандықтың алдында жүгінбеймін.
Тырна жасап жүрсе егер жапондық қыз
Жан қысылып жүріп мен күбірлеймін.
Менің қайғым, қайғысы бар адамның,
Адамдардан келмейді дара қалғым.
Топас біреу шешенге мылтық атса,
Туған жерде тұрып-ақ, жараландым.
Ұқсас жаңалықтар
Өз өмірінің күзінен көктем іздеген кейіпкерлер
- 6 қаңтар, 2026
Университет ұстазының жаңаша ізденісі
- 30 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді





