Жырларыңмен сырласып, елесіңмен, Шығарған жоқ беу, Мұха, ел есінен. Халқың күтіп әнеки жағада тұр, Сен келер деп «Келместің кемесімен».
Халқың күтіп тұр әне, сен келер деп, Сен келер деп сенбесек, сенделер ме ек. Күллі әлемнің дәрігері, жиылса да, Дәл өзіңдей мені ешкім емдеген жоқ.
Сенен тауып сауықты ел дертіне емін, Сен екенсің ақтаған ел тілегін. Мен де, Мұха, кетпейін ертіп өлім, Өлмейтұғын өнердің сертіненмін.
Алдырмайтын ажалға ақын жанын, Мен, Мұха, сарбаздар сапынанмын, Ел біледі, білген соң күтіп отыр, Қауышатын халқымен хақым барын.
Сөндірмейтін санадан от тектісін, Мұқағали қалдырған мектепке сын. Сен келер деп айтпауға хақымыз жоқ, «Өлтіре алмас өлеңді» – деп кеткесін.
Ұқсас жаңалықтар
Қазіргі қазақ прозасы не айтқысы келеді?
- 4 желтоқсан, 2025
Қазақ өлеңіне қолдау мен құрмет
- 1 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді





