Универсиада дирекциясының басшысы Наиль Нұровтың айтуынша, халықаралық жарыс үшін 140 факел дайындалыпты. Ұлттық нақышпен көмкеріліп, Универсиада бойтұмары бейнеленген факел арнайы тапсырыспен Австралияда жасалған. Құрылғы халықаралық талапқа сай.
«17 мен 20 жас аралығындағы жастарымыздың өзге елдерден келген спортшылармен тәжірибе алмасып, тіл табысқаны біз үшін өте маңызды. Осы дода арқылы әлем біздің студенттердің, спортшылардың білімді және шет тілін еркін меңгергенін біледі», - дейді Наиль Нұров.
Байрағы желбірейтін Универсиада алаушылары үш кезеңдік іріктеуден өтті. Олардың барлығы жоғары оқу орындарының үздік шәкірттері. Алғашқы алаушының бірі – Рио-де-Жанейро Олимпиадасының жүлдегері Дмитрий Баландин. Алау бернеше рет сынақтан өтті. Алаушылар факелды алып жүру және бір-біріне табыстау рәсімдерін да пысықтады. Ал, универсиаданың негізгі алауы 29 қаңтар күні жағылады.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




