Бірінші орта салмақта WBA Fedelatin және WBO Intercontinental UBC тұжырымы бойынша əлем чемпионы Қанат Ислам (22-0, 18КО) АҚШ-тағы жаттығу жоспарын бастау үшін Алматыдан ұшып кетті.
Фейсбукта спортшыға арналып ашылған арнайы парақшада журналист Берік Сұлтан - «Қанат Ислам келесі жекпе-жегіне дайындықты бастау үшін АҚШ-қа аттанды. Бұйыртса жақын арада жекпе-жек уақыты мен қарсыласын жариялаймыз! Алға, Қазақтың Қанаты!!!» - деп жазды. Бұған дейін боксшының жеке парағында жекпе-жек уақыты мен қарсыласы туралы ақпараттар жақын арада белгілі болатыны, сондай-ақ, келесі жекпе-жекте рингке киіп шығатын қысқа шалбарының дизайны көрсетілген болатын. Қанат Ислам 2017 жылы үш жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырған белгілі. «Қазақстан» телеарнасы АҚШ-тағы жекпе-жекті тікелей эфирден көрсететінін хабарлады.
ақпарат көзі:kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




