Әзімбек Жанқұлиевтің рухына
Ақын едің, Атағыңа лайық, Өле алмайтын өлең едің, расы. Әлем бүгін бара жатыр мұңайып, Оның мұндай көп болар ма күнәсі.
Өле алмайтын өлеңді де жазалық, Жазу үшін жазған көңіл не білді?! Құс жолында алтын сәуле бозарып, Емексітті жетім қалған көңілді.
Жетім едік, Жалғыз еді қара өлең, Алдаспандай айбозымнан айрылды. Бірге туып, бірге өлетін даламен – Сенің жаның жаһан үшін қайғырды. Ақын едің, Сіңіп кеткен аңызға, Арғы тегін адамзатқа тіреген. Нағыз ақын – атағы жоқ абыз да, Нағыз ақын – Өле алмайтын бір өлең.
Көрдік біздер өлеңнің не екенін, Үйретті оны асау өзен, кең дала. Жүрегіңе жұлдыз кешіп жетемін, Жай оғындай жанып барып... Мен де аға.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді





