«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Әлемде 70-ке жуық көше қазақша аталады

Әлемде 70-ке жуық көше қазақша аталады
ашық дереккөз
Әлемде 70-ке жуық көше қазақша аталады

Шетелде қазақша аталған көшелер көп екен. Мысалы, сіз Татарстанда, Шешенстанда, Иорданияда және Түркияда еліміздің президенті – Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталған көшелер бар екенін білесіз бе?

ҚР СІМ мәліметінше, әлемде осындай 70 көше бар.

Көрші Ресейдің 14 қаласында көшелерге Қазақстан қалаларының атаулары мен біздің әйгілі қайраткерлердің есімдері берілген. Саратовта Ақтөбе даңғылы, Ақтөбе жолы бар. Түменде Қарағанды және Қазақстан көшелері орналасқан. Соңғысы Омбыда да бар. Қазақстанның алғашқы астанасы – Орынборда көшелерге Ақтөбе, Алма-Ата, Алтынсарин, Жангелдин, Қазақ және Қарағанды атаулары берілген. Астраханьда қонақтар мен тұрғындар  Арал, Балқаш, Жамбыл, Қазақстан, Түркістан, Целиноград, Қостанай және Алма-Ата көшелерімен күнде жүреді. Ресей Федерациясының астанасы – Мәскеуде көне даңғылдардың кейбіреуі Ұлы Отан соғысы батырларының есімдерімен аталады. Мұнда Әлия Молдақұлова және И.В. Панфилов, Алма-Ата және Қостанай көшелері бар.

Бұдан басқа, Невельде Ибрагим Сүлейменов, Мәншүк Мәметова, Пермьде, Зеленоградта және Нахабино кентінде – И.В. Панфилов, Санкт-Петерборда – Жамбыл Жабаев және Әлия Молдағұлова,  Алтай Республикасының Қосағаш қаласында – Абай, Самарада – Алма-Ата және Ростов-на-Донуда – Қазақ даңғылы орналасқан.

Өзбекстан астанасы – Ташкентте осындай 6 көше бар.  Олар – Мұхтар Әуезов, Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев көшелері, сондай-ақ Сайрам, Шымкент және Қостанай даңғылдары. Қырғызстанда Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Шоқан Уәлиханов және И.В. Панфиловтың есімдері құрметтеледі. Түркіменстандағы Акдаш кентінде де әйгілі ақын, жазушы – Абай Құнанбаевтың есімі берілген көше бар. Тәжікстанда тар көшелерде  Шымкент, Казакон және Казако атаулары жазылған тақташалар ілінген.

Қазақша атаулар тек жақын шетелде ғана еместігін атап өткен жөн. Үндістан мен Германияда – Абай Құнанбаев,  Венгрия астанасы Будапеште – Астана, Мысырда – Абай, Түркияда – Қазақстан және Польшада – Қазақ көшесі бар.

ақпарат көзі:stan.kz

Ұқсас жаңалықтар