Оңтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық үшінші кезеңінің қорытындысын шығарды .
Олимпиадаға жалпы саны 990 оқушы қатысты. Оның 584-і математика, физика, информатика, химия, биология, география пәндерінен өзара бақ сынасты. Олардың 265-і олимпиаданың ІІ турына жіберіліп, 54 жүлделі орынға таласты. Ал, І, ІІ және ІІІ орындар үшін әр пәннен сыныптар бойынша бір-бір жүлде тағайындалған.
Олимпиаданың гуманитарлық бағытына 406 оқушы қатысты. Мұнда оқушылар 10 пәннен (қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, өзбек, ағылшын, неміс, француз тілдері) білімдерін дәлелдеуге ұмтылды. Нәтижесінде ІІ турға 205 оқушы жолдама алды.
Екі кезеңнің қорытындысы бойынша 57 білімгер жүлдегер атанды. Олардың 19-ы үздік, 20-сы ІІ орынға лайық деп танылса, 18-і ІІІ орынды қанағат тұтты. 18 оқушы номинация иегерлері атанды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




