Қазақстандықтар үйден шықпай-ақ уақытша тіркеуге тұра алады - Дәурен Абаев
- author «Ақ жол»
- 10 қаңтар, 2017
- 595
Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жақын жақын арада қазақстандықтардың уақытша тіркеуді онлайн режимде іске асыра алатынын жеткізді.
Қазіргі кезде онлайн режимде тек тұрақты тіркеу қызметі ғана жұмыс істейді. Енді, бір айдың ішінде оған уақытша тіркелу қызметі де қосылады. «Қазіргі кезде ішкі логистика мәселелері реттеліп жатыр. Негізгі мақсат - xалыққа қызмет көрсету орталықтарындағы кезектерді азайту. Ол үшін деректер базаларын өзара кіріктіру керек. Содан кейін уақытша тіркеуді онлайн режимде іске қосуға болады. Оған ұлттық ақпараттық теxнологиялар орталығы мен ішкі істер министрлігі жауапты. Бір айдан аз уақытта аталған қызмет енгізіледі», - деді Д.Абаев. Ал «Азаматтарға арналған үкіметтің» басқарма төрағасы Данияр Еренчиновтың айтуынша, бүгінде xалыққа қызмет көрсету орталықтарында уақытша тіркеу бойынша жұмыс істейтін мамандардың саны көбейді. Сондай-ақ жұмыс кестесі таңғы сағат 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін ұзартылды.
ақпарат көзі: kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




