Денсаулық
Шымкентте құлаған үйдің астынан бесіктегі сәбиді құтқару сәті түсірілген видео пайда болды
- author «Ақ жол»
- 10 қаңтар, 2017
- 521
Шымкентте құлаған үйдің астынан бесіктегі сәбиді құтқару сәті түсірілген видео пайда болды
Осыдан екі бұрын Шымкентте жарылыс салдарынан 2 қабатты тұрғын үй опырылып құлап, бір адам қаза тапқан еді. Әлеуметтік желіде үйінді астынан бесікке бөленген бір жасар сәбидің құтқарылып жатқан сәті түсірілген видео тарады.
Ұялы телефонға түсірілген видеоны Facebook әлеуметтік желісіне Самат Баянбаев есімді пайдаланушы жүктеген.
«Шымкентте тұрғын үйдің опырылып құлағаны туралы шақыртуға қалалық жедел жәрдем стансасының 13-бригадасы бірінші болып жетті. Олар құтқарушылардың келгенін күтпей, жылап жатқан сәбиді үйінді астынан өздері алып шықты. Құтқару операциясына дәрігер Явров, фельдшерлер Османов пен Айтуғанов, жүргізуші Түлебеков қатысты. Эксклюзивті видеоны ұсынамыз», - деп жазған ол өзінің парақшасына.Естеріңізге салып өтсек, 8 қаңтарда шамамен сағат 03:30-да Шымкент қаласындағы Халықтар достығы көшесінде орналасқан екі қабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылып, баспана опырылып құлаған болатын. Жарылыс болған үйге бірінші болып, жақын маңда тұратын ҚР Ұлттық ұланының қызметшісі старшина Руслан Бахрамов жетті. Оқыс оқиғадан 1988 жылы туған Сабина Орынбаева қаза болды. Тағы төрт адам зардап шекті: Қарлығаш Аxанова 1996 жылы туған, Әсия Орынбаева 1957 жылы туған, Дәурен Жұмалиев 1985 жылы туған, Аружан Дауылбай 2015 жылы туған.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




