Автокөлік саудасына маманданған Focus2move консалтингтік фирмасы 2016 жылғы көлік нарығының қорытындысын шығарды.
Басылымның мәліметінше, тізімнің көш басындағы Volkswagen Group компаниясы өткен жылмен салыстырғанда саудасын 1,4 пайызға ұлғайтып, 2016 жылы 10 млн 102 мың көлік сатқан.
Екінші орында Toyota Motor. Жапонның автоконцерні былтыр 9 млн 947 мың автокөлік сатқан екен. Ал үшінші орында Renault-Nissan альянсы, оған нарықтағы 8,513 млн тұтынушы тиесілі.
Төртінші орында Hyundai-Kia маркалы көлігіне тиесілі (8,176 млн). Үздік бестікті General Motors (7,972 млн) компаниясы түйіндейді.
Сонымен қатар үздік ондыққа Ford (6,296 млн), Honda (4,907 млн), Fiat Chrysler Automobiles (4,864 млн), PSA Peugeot Citroen (3,248 млн) және Suzuki (2,856 млн) компаниялары кіреді.
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы тізімнің басынан Toyota Motor компаниясы көрінген еді.
ақпарат көзі: egemen.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




