Финляндиялық Nokia компаниясы нарыққа қайта оралып, жаңа смартфонын таныстырды.
Финляндиялық маркаға эксклюзив құқығы бар HMD Global компаниясы Қытайда Android 7.0 Nougat негізіндегі Nokia 6 самртфонының таныстырлымын өткізді.
Жаңа смартфон Samsung Galaxy Note 7 стиліндегі дизайнмен және сырты бүтін етіп металдан жасалған. Телефонның 5,5 дюйм IPS-экраны Full HD графикалы және Corning Gorilla Glass 3 қорғаныс әйнегі бар.
Телефонның жады 64 гигабайт, дегенмен Qualcomm Snapdragon 430 процессоры салыстырмалы түрде баяу жұмыс істейді.
Жаңа Nokia-ға екі SIM-карта салынады, Bluetooth 4.1, Wi-Fi 802.11 b/g/n. Бүйіріндегі камерасының сапасы 8 мегапиксель, 85 градусқа дейін көрініс береді.
Сонымен бірге, Nokia 6 "Үй" пернесінде орналасқан саусақ таңбасының сканерімен, NXP TFA9891 аудиодабылмен, екі динамикпен, Dolby Atmos технологиясы, Micro-USB портымен, акселерометр, электронды компас, гироскоп, жарық пен қашықтық тетіктерімен жабдықталған.
Жаңа телефон Қытай нарығына 2017 жалдың алғашқы жартысында шығады. Nokia 6 құны 245 доллар болады.
ақапарат көзі: tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




