Тараздық палуан қазақша күресте тың әдіс ойлап тапты
Қазақша күрестен Таразда өткен жарыста палуан астаналық қарсыласын ерекше әдіспен жықты. Спортшы жасаған ерекше әдістің видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Жазбадан көрерменнің шебер әдіске қошемет көрсеткені естіледі, - деп жазады tengrinews.kz. 
Tengrinews.kz тілшісі палуанмен сұхбаттасты. Оның есімі Гарипуллаев Бахтан екен. Ол 22 жаста, 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күреседі. Ол Қазақстан чемпионы және спорт шебері екен. "Қазақша күреспен 5 жастан бастап айналысып келемін. Видеодағы күресім Федерация Кубогының үшінші орнына таласқан кез еді. Жарыстарда бұл әдісті тұңғыш рет қолдандым. Оның бір атауы жоқ, бірақ ұзақ уақыт жаттықтым. Бұл әдісті жасағанда бастысы қарсыласыңа сездірмеу - күтпеген жерден жасау керек", - деді палуан.
Оның айтуынша, биыл наурызда Алматыда қазақша күрестен жарыс өтеді. Бахтан оған қатысып, осы әдісін қайталап көрмекші екен. ақпарат көзі zhambylnews.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




