Қазақстанда 31 желтоқсанда 925 сәби дүниеге келді
Жедел ақпарат бойынша Қазақстанда 2016 жылғы 31 желтоқсанда 925 сәби дүниеге келді.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жаңа туған нәрестелер саны жағынан бірінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы тұр. Мұнда жылдың ең соңғы күні 192 бала дүние есігін ашты. Одан кейінгі орындарда тұрған Алматы қаласында – 110, Алматы облысында – 93, Астана қаласында – 67, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының әрқайсысында 55 бала дүниеге келді.
Айта кету керек, Қазақстанда 2015 жылдың 31 желтоқсанында 909 сәби дүниеге келген.
ақпарат көзі: egemen.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




