Астана әкімдігі биылғы оқу жылының мерзімін қысартуды ұсынды. Себебі алда халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесі өтеді. Ал студенттер еріктілер ретінде жұмыс атқарады. Олардың жатаханалары қонақтарға беріледі.
Әкімдіктің түсіндіруінше, елорданың жоғары оқу орындарының жатақханаларын көрме қонақтарына беру жоспарланып отыр екен. Көрме 10 маусымда басталады. «Болашақ энергиясы» тақырыбымен өтетін көрмеге 2 миллион турист келеді деп күтілуде.
«Қазіргі кезде қалада жоғары оқу орындарында 17 жатақхана бар екені анықталды. Ол жатақханаларда 7,3 мың жатын орын бар. Қонақтарды сол жерлерге орналастыруды көздеп отырмыз», – деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Студенттерді көрме кезінде ерікті ретінде жұмыс істету үшін оқу процесінің уақытын қысқартпақшы.
«Бүгінгі күні бұл мәселе үкіметтік деңгейде қаралып жатыр. Одан бөлек, біздің студенттер халықаралық көрме кезінде ерікті ретінде жұмыс істеп көмектесетін болады. Ал жатахана қонақтарға беріледі», –деп түсіндірді жергілікті әкімдік.
Жатахананың бағасын университеттердің өздері анықтайды. Ал одан түскен ақша сол оқу орындарының бюджетіне түспек.
«Жатаханалардың бағасын жоғары оқу орындарының өздері анықтайды. Бірақ бағасы хостелдердің бір күндік бағасынан аспауы тиіс. Ал түскен ақша оқу орындарының өздерінде қалатын болады», – дейді Астана әкімдігі.
Естеріңізге сала кетелік, «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылғы 10 маусым – 10 қыркүйек аралығында өтеді, көрмеге шамамен 5 миллион адам келеді деп күтілуде.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді