Айыпты болмаңыз, айыппұлдың көлемі өсті
Айлық есептік көрсеткіштің жыл сайын өскеніне қарай айыппұлдардың да көлемі артуда. Бұл жолда жүру тәртібі мен талаптарын сақтамағандарға, яғни, көлік жүргізушілерге де қатысты. Жаңа жылдан бастап айыппұл көлемі қаншалықты өсті? Осы сұрақты облыстық ішкі істер департаменті полиция қызметінің жол жүрісін қадағалауды ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Ғалымжан Жолдасбаевқа қойған едік.
– Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш 2 269 теңгеге, яғни шамамен 7 пайызға артқаны белгілі. Өткен жылы бұл көрсеткіш 2 121 теңге еді. Сәйкесінше, айыппұлдар көлемі де 7 пайызға көбейіп отыр. Мәселен, қазақстандық жүргізушілер көп жағдайда (10-20 км/сағ) жылдамдықты арттырамын деп тәртіп бұзады. Оларға (ӘҚБК 591-бабы 1-бөлігі) 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл белгіленеді. Бұрын 21 210 теңге айыппұл төлесе, биыл оның мөлшері 22 690 теңгені құрайды. Ең көлемді айыппұл асығып жүріп мүгедектердің көліктерін немесе арбаларын қоюға арналған жерлерде «теміртұлпарын» тізгіндегендерге салынады. Жолда жүріп осы қағиданы бұзғаны (ӘҚБК 597-бабы 4-бөлігі) үшін жүргізушілер биыл 7 400 теңге артық төлейтін болады. Нақтырақ айтсақ, 106 050 теңгенің орнына 113 450 теңге айыппұл төленеді, – дейді ол.
Наурызбек сарша, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Дропперліктен аулақ бол!
- 6 желтоқсан, 2025
Тараптар арасындағы дау медиациямен шешіледі
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




