Фотобәйге жеңімпаздары марапатталды
«Қазақстан Журналистер одағы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы мен облыстық «Ақ жол» газеті ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жариялаған «Тәуелсіз елім бар!» атты фотобәйгенің қорытындысы шығарылды. Жиынды «Қазақстан Журналистер одағы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы, облыстық «Ақ жол» газетінің директор-бас редакторы Көсемәлі Сәттібайұлы ашып, байқауға қатысқан барлық талапкерлерге алғысын білдіріп, қазылар алқасы фотобәйгеге қатысқан фотошеберлердің газет бетіне жарияланған суреттері сәтті шыққанын атап өтті. Сонымен, бірінші орынды Жамбыл аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінің фототілшісі Сейсенбек Айтбаев (70 мың теңге) иеленіп, байқау жеңімпазы атанды. Тараздық Хангелді Жандарбекке (50 мың теңге) екінші жүлде бұйырса, сарысулық Нұржан Есмаханов (30 мың теңге) жүлделі үшінші орыннан көрінді.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




