Автосүйер қауым ақтөбеліктерді Жаңа жылымен құттықтады. Қаланың шағын аудандарының бірінде жүргізушілер өздерінің көліктерінен шырша жасады. Артынша барлығы бір уақытта көліктерінің жарығын қосқан.
Басылымның хабарлауынша, науқанға 54 көлік қатысқан. "Жаңа жылдық науқан Ресей қалаларында басталып, артынша Қазақстанда өз жалғасын тапты. Біздің қаламызда науқанды өткізуге ақтөбелік автоклуб ұсыныс жасады. Біз келістік. Алдымен интернет арқылы хабарландыру ілінді. Келгендер көп болып, тұраққа сймай жатты. Бірінші олар өздерінің көліктерінен сағат құрастырды. Ал шыршаны шамамен екі сағат құрастырды. Алғаш құрастырған шырша қисық болып қалды. Оны басынан жасады”, – дейді "Zello Ақтөбе” әкімгері.
Көліктерден құралған шыршаны 20-30 метр биіктіктен квадрокоптердің көмегімен түсірген.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




