Биылдан бастап ҰБТ-ның форматы өзгереді
Бұдан былай барлық түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға міндеттелмейді. Тек жоғары оқу орнына түскісі келетіндер ғана сынақ тапсырады.
Ал колледжге түсетін оқушы мектепте емтихан тапсырып, аттестат алады. Дегенмен колледж студентінің де кешенді тесттен сүрінбей өтіп, университетке түсуге мүмкіндігі бар. Жалпы, биыл ҰБТ екі кезеңнен тұрады. Түлектер 3 міндетті және мамандығына сәйкес екі таңдау пәні бойынша сынақ тапсырады. Оқушы берілген 120 тапсырманың жауабын 3 жарым сағатта табуы тиіс.
Марат Мамраимов, ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының басқарма жетекшісі:
- Бірінші блокта үш пән. Әр пәннен 20 сұрақтан беріледі. 5 жауап нұсқасы, бір дұрыс жауап болады. Сәйкесінше 1 балдан беріледі. Бейіндік пәндерден 30 сұрақ болады. Оның алғашқы 20-сында 5 дұрыс жауап нұсқасы болады. 20 сұрақтың әр сұрақтың 5 жауабынан 1 ғана дұрыс жауап болады. Ол – 1 балл. Қалған 10-ында 8 жауап нұсқасы беріледі. Оның бір немесе бірнеше дұрыс жауап нұсқасы болады.ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




