«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Еліміздегі ең биік аққала Орал қаласында тұрғызылды

Еліміздегі ең биік аққала Орал қаласында тұрғызылды
ашық дереккөз
Еліміздегі ең биік аққала Орал қаласында тұрғызылды

Еліміздегі ең биік аққала Орал қаласында тұрғызылды. Қарасаң көз қуантар аққаланың биіктігі - 15 метр. Әсем безендірілген жаңа жылдық шыршалар қала тұрғындарының көңілін көтерсе, сакура гүлдеп тұрған гүлзарлар жастардың сүйікті орнына айналған. Бұл - қаладағы ең биік аққала. Әсемдігімен көз тартатын ерешке мүсінді жергілікті кәсіпкерлер тұрғызған. Алып аққаланың биіктігі 15, ал диаметрі 9 метр. Күндізгі келбеті өз алдына, түнгі мезгілдегі көрінісі тіптен бөлек. Жаңа жыл қарсаңында қаланың бірнеше жерінде жаңа жылдық шыршалар қойылды. Ерекше көңіл-күйдегі қала тұрғындарының айтар тілегі де ортақ. Зухра Мансұрова, қала тұрғыны: - Барлық отбасыларына денсаулық, байлық, керемет көңіл-күй тілеймін. Және де өздеріңіз көріп тұрғаныңыздай біздің қаламыз жылдан жылға өте кереметтей көркейіп келеді. Жылдан жылға осындай әсем көңіл-күймен осындай шыршаларды орнатып жатыр. Шаһар шырайын аша түсуге бағытталған жұмыстар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асты. Бұл мақсатқа бюджеттен бір тиын да жұмсалмаған. Нұр Төлеуғалиев, қаланы безендіруге жауапты кәсіпорын директоры: - Биылға жылдағыдан бір өзгеше енген жаңалық мына бизнес өкілдері, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бағдарламасы аясына көптеген қаланы безендіруге көмек жасады. Мына сакураның макеттері бар соны бизнес өкілдері 60 терек қалаға сыйға тартты. Қала аумағында 8 шаңғы базасы жұмыс істейді. Мектеп жасындағы балалардың сабақтан тыс уақытында спортпен шұғылдануы үшін барлық жағдай бар. Көшелерге көрік берген жарық шамдары өз алдына, гүлзарлар мен алаңдарда сакура ағаштары «гүлдеп» тұр. Мереке Ахметов, қала тұрғыны: - 2016 жылы үлкен оқиғалар өтті. Оның бірі егемендік алғанымызға 25 жыл болды. Үлкен той. Үлкен жетістіктерге жеттік. Біздің оралдықтар, Батыс Қазақстан да шетте қалған жоқ. Өз үлесін қосып жатыр. Қазір мына алаңда қарап тұрсақ жақсы безендірілген. Кеше жастардың мәдениет үйі ашылды, спорт клубтары ашылып жатыр, түрлі тұрғын үйлер ашылып жатыр. Соның бәрі біздің жағдайымыздың жақсарғанын көрсетеді. Қалада қысқы спорт түрлері бойынша түрлі сайыстар жиі өткізіліп тұрады. Өйткені, жер жерде балалар мен ересектер үшін жасанды мұз айдындары жасақталған. Қыс бойы балалардың хоккей ойнап, мәнерлеп сырғанауы үшін 25 мұз айдыны жұмыс істеп тұр. Соның бесеуі кәсіпкерлердің күшімен ашылды.

ақпарат көзі: 24.kz

Ұқсас жаңалықтар