Енді жаяу жүрген жол полицейлері көліктерді тоқтатуға құқылы емес
- author «Ақ жол»
- 30 желтоқсан, 2016
- 671
Шетелдегі озық тәжірибелерді енгізу нәтижесінде Қазақстан полицейлері алатаяқты қолданбайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма басшысының орынбасары Еркін Мүсілімов айтты.
«Ішкі істер министрлігі органдары жол жүрісін қадағалау кезінде автопатрульдеу әдісіне толықтай көшті. Осы орайда жаяу жүрген полицейлер енді көліктерді тоқтатпайды. Сонымен қатар 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап біздің ішкі істер органдарының қызметкерлері көліктерді тоқтату үшін арнайы таяқша қолданбайтын болады»,-деді Е. Мүсілімов. Оның сөзіне қарағанда, бұл шаралары қабылдауға барлық жерлерде фото және бейнетіркеудің енгізілуі ықпал етіп отыр. Көліктерді тоқтату патрульдік машиналарда орналасқан арнайы дыбыс және жарық белгілері арқылы іске асырылады. Сонымен қатар Әкімшілік полиция өкілі 2016 жылдан бастап қызметкерлер патрульдік автокөліктерге отырғызылғанын жеткізді. Атап айтқанда, бүгінде Қазақстан бойынша 2971 осындай көліктер бар. Бұл автокөліктерді еліміз аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жеткілікті көрінеді. «Ерекше жағдайда, яғни ЖКО, төтенше жағдай, кептеліс кезінде көлік құралдары жол ережесіне сай және бір мезгілде ысқырық арқылы тоқтататын болады. Осындай талап шетелдердегі озық тәжірибелерді ескере отырып енгізілді»,-деді ол.
ақпарат көзі: kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




