ЭКСПО қарсаңында Астанаға 380 жаңа автобус жеткізіледі
- author «Ақ жол»
- 29 желтоқсан, 2016
- 173
Елордада «ЭКСПО-2017» көрмесіне орай 11 автобустың қозғалыс жиілігі 5 минутқа дейін қысқарады.
«ЭКСПО көрмесіне орай 7 шаттл-бас бағдарын іске қосу көзделіп отыр. Олар ЭКСПО-қалашықтың көлік хабымен түйістірілетін болады. Көрмеге тақау өтетін 10, 15, 12, 18, 35, 37, 40, 51, 53, 102 сынды 11 бағдар күшейтіліп, олардың қозғалыстағы нормативтік уақыты 5 минутқа дейін қысқартылады», - деді ол. Арданның айтуынша, Астананың жолаушылар көлігі паркін жаңартуға бағытталған жұмыстар да жалғастырылатын болады. Мәселен, 2017 жылдың мамыр айының ортасына дейін елордаға жаңа 380 автобус жеткізілетіндігін атап өтті. «Аталған автобустар қауіпсіздіктің қазіргі заманғы талаптарына сай, өте жайлы болады. Бұған қоса, жергілікті ауа райына бейімделіп жасалады. ЭКСПО көрмесі аяқталған соң, ескі автобустар біртіндеп пайдаланудан шығарылады», - деді Ардан. Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылы Астанаға «IVECO» маркалы 358 автобус жеткізіліп, ескі 210 қоғамдыө көлік пайдаланудан шығарылған еді.
ақпарат көзі: kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді